Әлем

Қазақстандық қыз Nature журналы бойынша "жыл адамы" ондығына енді

© Photo : аккаунт Александры Элбакян в соцсети ВКонтактеАлександра Элбакян
Александра Элбакян - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл сайын бұл рейтингке жаңалығы ғылымды одан сайын дамытуға үлесін қосқан ғалымдар енеді

АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Қазақстан тумасы Александра Элбакян ғылыми мақалаларды тегін оқуға мүмкіндік беретін Sci-Hub сайтын ашқаны үшін Nature журналы бойынша "жыл адамы" ондығына енді.

Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық жасаушылар халықаралық викторина ойынын ойлап тапты

Қазақстандық Александра Элбакян 2011 жылы Sci-Hub пираттық сайтын ашады. Ол 2009 жылы Алматы қаласында аспирант болып жүріп, ақылы ғылыми еңбектерге қолы жетпегеніне налыған екен. Нәтижесінде қыз баспагерлердің ақылы басылымдарынан бөлек дереккөз тапты. 2011 жылы ол үдерісті автоматтандыруға шешім қабылдап, мақалалар көшірмесін жинақтайтын сайттың негізін қалады. 

Nature журналы ең ежелгі әрі беделді жалпыхалықтық ғылыми журналдардың бірі. Бұл басылымда негізінен жаратылыстану ғылымдары тақырыптарын қамтитын әр түрлі зерттеулер жарияланады. 

Жаңалықтар
0