Әлем

Түркияда ТЖ режимі ұзартылды

© AP Photo Түркия
Түркия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парламенттің шешімімен төтенше жағдай режимі ұзартылды

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Шілде айындағы төңкеріс жасауға талпыныстан соң Түркияда енгізілген төтенше жағдай режимі парламент шешімімен 19 қаңтардан бастап тағы үш айға ұзартылды деп хабарлайды РИА Новости.

Стамбулда Санта-Клаус боп киінген адам 39 адамды атып тастады - Sputnik Қазақстан
Әлем
Стамбулда Санта-Клаус боп киінген адам 39 адамды атып тастады

Түркияда ТЖ режимі төңкеріс жасауға талпыныстан кейін үш айға енгізілген болатын, мерзім аяқталған соң тағы да үш айға ұзартылды.

16 шілдеге қараған түні Түркияда бір топ бүлікші әскери төңкеріс жасауға талпынды. Негізгі қақтығыс Анкара мен Стамбулда болды. 240-тан астам түрік азаматы қаза тауып, екі мыңнан астам адам жарақат алды, бүлік басып тасталды.

Түркия билігі оппозициялық ислам уағызшысы Фетхуллаха Гюленді төңкеріс жасауға талпынғаны үшін айыптап, АҚШ-тан оны экстрадициялауды сұрады. Гюленнің өзі бүлікті қатаң сынға алып, оған қатысы жоғын мәлімдеді. Түркиядағы Гюленнің ұйымына қатысы бар деген айыппен 32 мың адам ұсталып, 100 мыңдай мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды немесе аластатылды.

Жаңалықтар
0