Әлем

Қытайда қалың тұманның салдарынан қауіптің "қызыл деңгейі" енгізілді

© Sputnik / Артур Александров / Медиабанкке өтуПекин
Пекин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түк көрінбейтін қалың тұманның салдарынан алғаш рет қауіптің қызыл деңгейі енгізілді

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Қытайдың бірнеше аймағында қалың тұманның салдарынан қауіптің ең жоғары "қызыл" деңгейі енгізілді деп хабарлайды РИА Новости ҚХР орталық метеорологиялық қызметіне сілтеме жасап.

Пекин - Sputnik Қазақстан
Әлем
Пекинде ауаның ластануына байланысты қауіптің "қызыл" деңгейі енгізілді

Ең жоғарғы "қызыл" деңгей 3 қаңтарда Пекинде, Тяньцзинде және Хэнань, Хэбэй, Шаньдун, Аньхой провинцияларының бір бөлігінде енгізілді. Кейбір аудандарда көзге көрінерлік қашықтық 50 метрден аспайды. 

Агенттіктің хабарлауынша, қызыл деңгей сәрсенбі 4 қаңтар күні кешке дейін сақталады. Синьхуа агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қалың тұманның салдарынан алғаш рет қауіптің қызыл деңгейі енгізіліп отыр. 

Жаңалықтар
0