08:12 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Патшайым ІІ Елизавета

Патшайым ІІ Елизаветаны күзетшісі атып тастай жаздаған

© Sputnik /
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
18 0 0

Оқиғаның қашан орын алғаны нақтыланбайды.

АСТАНА, 5 қаң — Sputnik. Түнде Букингем сарайы маңында серуендеп жүрген патшайым ІІ Елизаветаны өз күзетшісі атып тастай жаздады, деп жазды РИА Новости  Independent басылымына сілтеме жасай отырып. 

Бұл оқиға туралы бұрынғы қарауылы айтты. Бір күні түн ауа ол ішкі сарай маңын күзетіп жүріп, қараңғыда бір көлеңкені байқап қалады. 

Ол: "Кім бұл?" деп айғайлайды. Қараңғыда келе жатқан патшайым ІІ Елизавета болып шықты.

"Құрып кеткір, жоғары мәртебелім, сізді атып тастай жаздадым" — деген күзетшінің сөзін келтіреді басылым. "Ештеңе етпейді. Келесі жолы алдын ала хабардар етемін, сол кезде маған оқ кеземейтін боласың", — деп жауап берді патшайым.

Оқиғаның қай уақытта болғаны айтылмайды. Газеттің деректеріне сәйкес, патшайым үстіне пальто киіп, аздап серуендеп қайтуға шыққан.  


Басты тақырыптар