04:25 20 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Аурухана

Гонконгте құс тұмауынан тағы бір адам көз жұмды

© Public Domain
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
7 0 0

Бұдан бұрын 25 желтоқсанда Гонконгте құс тұмауынан 75 жастағы ер адамның қайтыс болғаны хабарланған еді

АСТАНА, 6 қаң – Sputnik. H7N9 құс тұмауы вирусынан тағы бір адам өлімі ҚХР арнайы әкімшілік ауданы Гонконгте тіркелді деп хабарлайды РИА Новости RTHK жергілікті радиостанциясына сілтеме жасап.

Гуандун провинциясына барып келген 62 жастағы ер адам құс тұмауынан көз жұмыпты. Бұрын ол дәрігерлерге құс базарына бармағанын, үй құсына жоламағандығын айтқан болатын.

Бұдан бөлек, China Daily газетінің ҚХР-дағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бөліміне сілтеме жасап берген мәліметі бойынша, сәрсенбі күні Чжуньшань қаласында (Гуандун провинциясы) H7N9 вирусын жұқтырған екі адам тіркелген. Екі науқастың да хәлі ауыр. ДДҰ айтып өткендей, жергілікті билік өкілдері вирустың таралуын жіті қадағалап, тиісті шара қолданғаны жөн. 

Бейсенбі күні Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясы Жичжао қаласының 77 жастағы тұрғынының құс тұмауынан қайтыс болғаны хабарланған болатын. 

Басты тақырыптар