Әлем

Жапония ойнасқор әйелдерге салынған ескерткіш үшін елшісін Сеулден қайтарып алды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЖапония
Жапония - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Жұбаныш әйелдер" жүйесі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Оңтүстік-Шығыс әскері елдерінде жапон әскерлерінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін енгізілген мәжбүрлі жезөкшелік түрі болып саналады

АСТАНА, 6 қаң – Sputnik. Жапон билігі өз елшісін Оңтүстік Кореядан уақытша қайтарып алды, бұған себеп – Пусанда Жапонияның бас консулдығының қарсы алдында орнатылған "жұбаныш әйелдерге" арналған символикалық ескерткіш деп хабарлайды РИА Новости.

Назарбаев Токай университетіне барды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Жапонияда күннен қуат алатын көлікті көрді

Ескерткіш Оңтүстік Корея мен Жапония арасындағы келісімге жыл толуына орай желтоқсан айының соңында орнатылған болатын. Бұл келісім бойынша, Жапония "жұбаныш әйелдерге"келтірілген зиян үшін 1 миллиард иена төлеуге тиіс еді.

"Жапония үкіметі бұл оқиғаға қатты налып отыр", — деп мәлімдеді Жапонияның министрлер кабинеті бас хатшысы Ёсихидэ Суга деп жазады Франс Пресс. Елшіні уақытша қайтарып алудан бөлек, басқа да шаралар туралы, оның ішінде жоғарғы деңгейдегі экономикалық келіссөздерді тоқтату жайында айтылды. 

Жаңалықтар
0