Әлем

"Адмирал Кузнецов" Сириядағы қақтығыс алаңынан кетеді

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өту"Кеңес Одағы Флотының Адмиралы Кузнецов" ауыр әуе тасымалдаушы
Кеңес Одағы Флотының Адмиралы Кузнецов ауыр әуе тасымалдаушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік әскери топтар Сирияда татуласу орнағаннан кейін қысқар абастады.

АСТАНА, 6 қаң — Sputnik. РФ Қарулы күштерінің Сириядағы топтары қысқара бастады, алғашқы болып ол жерден әуетасымалдаушы "Адмирал Кузнецов", крейсер "Петр Великий" мен олардың кемелерін алып жүргендер кетеді, деп мәлім етті жұмада журналистерге РФ ҚК Бас штабының бастығы армия генералы Валерий Герасимов. 

"РФ ҚК жоғарғы қолбасшы Владимир Путиннің шешіміне сәйкес, Ресейдің қорғаныс министрлігі Сириядағы Қарулы күштері топтарын қысқартуға кірісуде", — деді ол. 

Герасимовтың атап өтуінше, ұрыс алаңынан алғашқы болып "Кеңес Одағы Флотының Адмиралы Кузнецов" ауыр әуе тасымалдаушы крейсердің бастауымен Солтүстік флот әуе тасымалдаушы топтарының кемелері кетеді. Сондай-ақ, Герасимов 2016 жылғы 30 желтоқсанда Сирияның бүкіл аумағында ұрыс әрекеттерін тоқтату тәртібі әрекет етіп жатқанын еске салды. Оның халықаралық террористік таптарға қатысы жоқ. 


Жаңалықтар
0