Әлем

"Манас" әуе жайының маңына ұшақ құлады

© Sputnik / Владислав Ушаков / Медиабанкке өту"Манас" әуежайы
Манас әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құлаған ұшақ Стамбулдан Бішкекке ұшқан жүк таситын әуе кемесі болған

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. "Манас" әуе жайы маңында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. 

Манас әуежайы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қырғызстандағы "Манас" әуежайында "бомба" іздестірілуде

"Манас" халықаралық әуе жайының баспасөз қызметі ақпаратты растап, ұшақтың жүк таситын екенін және Стамбулдан Бішкекке ұшқанын атап өтті. Ұшақ Turkish Airlines компаниясына тиесілі. 

Ол бішкек уақытымен сағат 7.25-те "Манас" әуе жайына қонуға тиіс болатын. 

ТЖМ алдын ала ақпаратына сәйкес, ұшақ Шу облысы  Сокулук ауданы Дача-Суу ауылы маңына құлаған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында милиция қызметкерлері, құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Шақыру жергілікті уақытпен 7.31-де келіп түскен. Оқиға орнына төрт өрт сөндіру құрамы аттанған. 


Жаңалықтар
0