Әлем

Әлемдегі ең жасы үлкен панда 37-ге толды

© Sputnik / Михаил Сербин / Медиабанкке өтуПанда
Панда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүниежүзіндегі ең кәрі панда Басы 37 жасқа толған күнін тортпен тойлап, табынушыларынан сыйлық алуда

АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. ҚХР-да өмір сүретін Басы деген әлемдегі ең жасы үлкен панда 37 жасқа толды деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Қытай БАҚ-на сілтеме жасап.

Панда. - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қытайда панда адамға шабуыл жасады

Адам жасымен есептейтін болса, панданың жасы 100-ден асып кеткен.

Басы 1980 жылы Сычуань провинциясындағы Баосин уезінде дүниеге келген, қазіргі уақытта Фуцзянь провинциясы Фучжоу қаласындағы үлкен пандаларды зерттеу орталығының аумағында өмір сүреді.

Қытайдың Орталық телевидениесі хабарлағандай, панданың туған күні құрметіне  орталық қызметкерлері арнайы мерекелік торт әзірлеп, Басының көптеген табынушылары сыйлық әкеліпті.

Жаңалықтар
0