Әлем

БАҚ: осы демалыс күндері Трамп пен Путин телефон арқылы тілдесуі мүмкін

© REUTERS / Carlos BarriaДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осының алдында ресейлік тарап Трамп пен Путиннің телефонмен хабарласуының нақты уақыты белгіленбегенін хабарлаған болатын

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы демалыс күндері Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімелесуді көздеп отыр, деп хабарлайды РИА Новости NBC тілшісі Хелли Джексонға сілтеме жасай отырып. 

Ислам мемлекеті - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп: АҚШ аймақтағы мұнайды бақылауға алғанда, ИМ болмас еді

"Әкімшіліктегі дереккөзіне сәйкес, президент Трамп пен Владимир Путин күтіліп отырғандай осы демалыс күндері сөйлеседі. Инаугурациядан кейінгі алғашқы қоңырау", — деп жазды Джексон өзінің Twitter-аккаунтында. 

Трамп сайланғаннан кейін Путин пен Трамп телефон арқылы сөйлескен, бірақ ол инаугурацияның алдында болатын.

Бейсенбі күні Ресей мемлекетінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Трамп пен Путиннің телефонмен хабарласатын уақытының келісілмегенін хабарлаған. 


Жаңалықтар
0