03:53 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Джереми Микс

"Ең сымбатты қылмыскер" подиумды бағындыра бастады

© AFP / Angela Weiss
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
11 0 0

"Американың ең сымбатты қылмыскері" криминалдық өткеніне қарамастан подиумға шықты

АСТАНА, 15 ақп — Sputnik. Көпшілікке "ең сымбатты қылмыскер" ретінде танылған бұрын сотты болған Джереми Микс модель болып, подиумға шықты. 

2014 жылы 30 жастағы Микс калифорниялық Стоктон қалсының полицейлерімен қамауға алынған. Оның суреті Facebook желісіндегі полиция департаментінің парақшасында жарияланып, Интернетті дүр сілкіндірді. 

Нәтижесінде қылмыскердің сымбатын модель агенттіктері де байқап, Миксқа ұсыныстармен шыққан. Тиісті жазасын өтеп шыққан Микс подиумды бағындыра бастады. 

Ол дизайнер Филипп Плейннің көрсетіліміне қатысты. "Маған сенім білдірген Филипп Плейнге алғысым шексіз. Кеше ғаламат кеш болды!", — деп жазды Микс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Proud to be a part of the @muzikconnect family. Thank you for this opportunity @jasonahardi

Публикация от JEREMY MEEKS (@jmeeksofficial) Дек 20 2016 в 4:32 PST

Басты тақырыптар