Әлем

Ресей моделі Дубай полициясына өмірін қауіпке тікпеуге уәде берді

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуДубай
Дубай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Виктория Одинцованы полицей бөлімшесіне шақыртуға себеп болған – биік ғимарат басында түсірілген бейнежазба

АСТАНА, 19 ақп — Sputnik. Дубай полициясы биік ғимарат басында түсірілген экстремалды бейнежазбадан соң ресейлік модель Виктория Одинцованы шақыртып, өміріне қауіп төндірмеу туралы міндеттемеге қол қоюды талап етті деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.

Жақында 23 жасар модель Instagram желісіне экстремалды бейнеролик жариялады, онда жас қыз 73 қабатты ғимараттың бетон плитасына шығып, бірнеше трюктер жасады. Тіпті плитадан түсіп, қасындағы жігіттің қолынан ұстап, төман қарай салбырап тұрды.

"Ресейлік әйелдің жасағаны оның өміріне үлкен қауіп төндіреді", — деді полиция генерал-майоры Халил Ибрагим әл-Мансури. Оның айтуынша, бұл жайттан кейін ресейлік қыз полицияға шақыртылып, "Дубайда өміріне қауіп төндіретін қандай да бір әрекет жасамау" туралы құжатқа қол қойған. 

Жаңалықтар
0