Әлем

WhatsApp жаңа функцияларды іске қосады

© AFP 2024 / Lionel BonaventureWhatsApp
WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жуырда танымал мессенджерде Instagram мен Snapchat желілеріндегідей мүмкіндіктер пайда болады

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Сегіз жылдық мерейтойлары қарсаңында WhatsApp танымал мессенджерінің шығарушылары қолданушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынды.

Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
WhatsApp бейнебайланыс енгізіп жатыр

WhatsApp мессенджер өздігінен жойылатын хабарламаларды жариялау функциясын іске қосады — бұл Instagram мен Snapchat сервисіндегі "тарих" функциясына балама. Жаңа функция контакт есімінің жанындағы мәтіндік статусты ерекше "жазбалармен" алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл жазбалармен бірге суреттер, бейнелер мен GIF-анимацияларды жариялауға болады.

Жазба Status қосымша бетінде пайда болып, жарияланғаннан кейін 24 сағат бойы пайдаланушының достарына қол жетімді болады. Бұдан бөлек, өздігінен жойылатын хабарламаларды кейбір адамдардан жасырып, "құпия етіп" қоятын арнайы функция бар. 

Осы мүмкіндіктердің барлығы жақын арада Android, iOS және Windows Phone операциялық жүйелерінде іске қосылады.

Жаңалықтар
0