Әлем

АҚШ-та Трамп штабының Ресеймен болжамды байланысы тексеріліп жатыр

© Sputnik / Медиабанкке өтуВашингтон
Вашингтон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-та Дональд Трамптың сайлауалды штабының Ресеймен болжамды байланысы тексеріліп жатыр

АСТАНА, 2 ақп — Sputnik. АҚШ конгресі өкілдері палатасының барлау жөніндегі арнайы комитеті президент Дональд Трамп штабы мүшелерінің Ресеймен болжамды байланыстарын тексереді, деп мәлім етті сәрсенбіде осы комитеттегі демократтар көшбасшысы Адам Шифф, деп хабарлайды РИА Новости. 

"Біз (демократиялық) азшылық пен (республикалық) көпшілік арасында Трамп шабы мен Ресей арасындағы келісулер туралы ұсыныстарды тексеру туралы келімге келдік", — деді ол MSNBC телеарнасына берген сұхбатында. 

Өз кезегінде арнайы комитеттің мәлімдемесіне сәйкес, оның төрағасы Девин Нуньес пен Шифф атап айтқанда тексерудің "РФ әрекеттері саяси штабтармен немесе АҚШ-тың кез келген өзге өкілдерімен байланысты адамдармен қарым-қатынасқа түсті ме" деген мәселелерге қатысты келіскен. 


Жаңалықтар
0