Әлем

Санкт-Петербургтегі пәтерлердің бірінен бомба табылды

© Sputnik / Анатолий Медведь / Медиабанкке өтуСанкт-Петербург
Санкт-Петербург - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала метросындағы жарылыстан кейін үш күн өткен соң тағы бір жарылғыш құрылғы табылды

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Санкт-Петербургтегі пәтерлердің бірінен жарылғыш құрылғы табылып зарарсыздандырылды деп хабарлайды РИА Новости.

Максим Арышев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстандық Максим Арышев Петербургтегі теракт кезінде қаза тапты

Товарищеский даңғылы бойында орналасқан 22 үй тұрғындарын таңертең ерте қауіпсіз жерге шығарды.

Қазіргі уақытта жарылғыш құрылғы зарарсыздандырылып, бірнеше адам ұсталған.

Айта кетейік, үшінші сәуір күні Санкт-Петербург метросында "Сенная площадь" және "Технологический университет" станцияларының арасында жарылыс болды. Жарылыс нәтижесінде 11 адам қаза тапқан, оның ішінде қазақстандық Максим Арышев бар. Тағы үш адам жарылыс кезінде алған жарақатынан көз жұмды.

Жаңалықтар
0