03:58 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
жарылыс

Түркияда бронетехникасы бар ғимараттағы жарылыстан 10 адам зардап шекті

© AP Photo / DHA-Depo Photos
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
56 0 0

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жарылыс болып, ғимарат жартылай қирады

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Түркияның оңтүстік шығысында Диярбакыр қаласының орталығында жарылыс болып, салдарынан он адам зардап шекті, деп жазады РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып. 

Жарылыс орталық Балгар ауданында астана уақытымен сағат 13:45-те терроризммен күрес жөніндегі полиция басқармасының маңында болды. Ол ғимаратта полиция бронетехникасын жөндеу жүргізіледі. Ғимарат жартылай қирады. Зардап шеккендердің бірі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша газ баллоны жарылған секілді. Алайда полиция барлық болжамды қарастырып жатыр, оның ішінде теракті де бар.

Бұл ретте Түркия ішкі істер министрі Сулеймен Сойлу болған оқиға жоспарланған шабуыл емес екенін мәлімдеді.

"Сырттан ешқандай араласу болған жоқ. Жарылыс жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болды. Бір адам қатты жараланған, қалғандарының жарақаттары ауыр емес", — деп келтіреді министрдің сөзін NTV телеарнасы.

Диябакыр Түркия күрділерінің бейресми астанасы деп есептеледі. Қала тұрғындарының саны 843 500 адамды құрайды. Диябакыр қаласы мен провинциясында Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясы әрекет етеді. Түркияның қауіпсіздік күштері оларға қарсы бірнеше терроризмге қарсы операциялар жүргізген. Осы орайда өңір туристік бағыт болып саналмайды.

Басты тақырыптар