11:43 23 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.75
  • EUR434.26
  • RUB6.12
Құран

Алтынмен жазылған Құран Тәжікстан кітапханасына қойылды

© AP Photo / Халид Мохаммед
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Алғашқы екі және соңғы екі беті алтынмен жазылған

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Тәжікстанның ұлттық кітапханасында Құранның құнды данасы қойылды, деп жазады Sputnik Тәжікістан.

Кітапхана сайтында хабарланғандай, сапаршылардың пікірінше, кітапты бағыт стилі бойынша ХVI ғасырға жатқызуға болады екен. Алайда Құранның өзінде уақыты мен "авторы" көрсетілмеген. Алғашқы екі және соңғы екі беті алтынмен жазылған.

Расписанный золотом Коран
© Photo : официальный сайт национальной библиотеки Таджикистана
Расписанный золотом Коран

Бүгінде кітапханада киелі кітаптың 15 дана қолжазбасы бар. Оның әр қайсысының өз тарихы бар, сонымен қатар оюмен өрнектелген.

Бұдан бұрын Татарстанда (Ресей) әйгілі "Қазан Құранын" баспадан басып шықты деп хабарланған. Алғаш рет бұл кітап Екатерина II жарлығы бойынша 1787 жылы Санкт-Петербургте басылып шыққан.

Загрузка...

Басты тақырып