Әлем

Британ халқы балаларына мұсылман есімдерін жиі қояды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшылар мұны Ұлыбританиядағы мұсылман мигранттардың саны артуымен байланыстырады

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Мұсылман аттары Лондондағы ең танымал есімдер қатарына енді, деп хабарлайды Muftyat.kz сайты.

Двухмиллионный ребенок родился в Алматинской области - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматы облысының 2 миллионыншы тұрғынының есімін президенттің құрметіне қойды

Британдық Daily Mail басылымы Ұлыбританиядағы жаңа туған балаларға қойылатын есімдердің тізімін жариялады.

Сәбилерге қойылатын ең көп есімдер қатарынан бірнеше жыл дәстүрлі мұсылманша Мұхаммед есімі болған.

Жалпы ел көлемінде аталмыш есім екінші орында тұрса, Лондон қаласы бойынша бірінші орында тұрған.

Басылым атап өткендей, мұсылмандардың Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігінен туған бұл үрдістен Ұлыбританияға Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан келген мұсылман мигранттар санының артқанын байқауға болады.

Ұлыбританияда қыздарға арналған ең танымал ат Амелия екен.

Жаңалықтар
0