Әлем

Мун Чжэ Ин Корея президенті болып сайланды

© Sputnik / Александр ЮрьевСеул
Сеул - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мун Чжэ Ин сайлаушылардың 41,08 пайыз дауысын жинады

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Сайлаушылардың 41,08 пайыз дауысына ие болған Мун Чжэ Ин Оңтүстік Кореяның президенті болып сайланды, деп хабарлайды РИА Новости

Жаңа сайланған президент ел премьер-министрінің лауазымын Члопа-Намдоның  65 жастағы губернаторы Ли Нак Ёнуге тапсырды. Сәрсенбі күні мадақтау рәсімінен кейін бірден ел парламентіне үкімет пен президент әкімшілігі құрамында ресми тағайындаулардың ұсынылатыны  күтіліп отыр. 

Пак Кын Хе - Sputnik Қазақстан
Әлем
Пак Кын Хе Оңтүстік Корея мемлекетін басқарудан түбегейлі аластатылды

Бір күн бұрын өткен сайлауда сайлаушылардың 41,08 пайыз дауысын жинаған Мун Чже Ин Оңтүстік Корея президентінің қызметіне ресми түрде кірісті. 

ОСК сайтында жарияланған деректерге сәйкес, Оңтүстік Корея Демократиялық партиясын ұсынған 64 жастағы Мун Чже Инге 13,4 миллион адам дауыс берді. Азат Корея Консервативті партиясының өкілі Хон Чжун Пхё 24,03 пайыз дауыс, ал Халықтық партиядан ұсынылған кандидат Ан Чхоль Су 21,41 пайыз дауыс жинады. 


Жаңалықтар
0