Әлем

Римнің орталығында жарылыс болды

© AFP 2024 / Andreas SolaroРим орталығындағы жарылыс орны
Рим орталығындағы жарылыс орны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. Жұма күні таңертең Рим орталығындағы Авентино көшесі бойында белгісіз жарылғыш құрылғы іске қосылды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

Жарылыс пошта маңындағы тұраққа қойылған автокөлікті зақымдады. Алдын ала болжам бойынша зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. 

Жарылыс себебі әзірге белгісіз. Алайды оқиға орнында жұмыс істеп жатқан тергеушілер кез келген болжамды жоққа шығармайды, оның ішінде террористік акті де бар. 

Жаңалықтар
0