Әлем

Иса пайғамбарға еліктеген шіркеу қызметшісін қолтырауындар жеп қойды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАллигатор
Аллигатор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пастор суға түскен кезде, қолтырауындар кенеттен шабуыл жасаған

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Иса пайғамбарға еліктеп, су бетімен жүріп өтпек болған шіркеу пасторын қолтырауындар жеп қойды, деп жазады Daily Mail.

Дін қызметшісі Джонатан Мтетва Иса пайғамбар жасаған ғажайыптардың бірін қайталап, қолтырауындар мекендейтін су бетімен жүріп өтпек болған.

Куәгерлердің айтуынша, пастор суды кешіп 30 метрдей жүреді де, жағаға қарай кері қайтады, сол кезде үш қолтырауын дін қызметшісіне тап берген.

Құтқарушылар келіп жеткенше, шіркеу қызметшісі қаза тапқан. Болған оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, оның аяқ киімі мен киім-кешегін ғана табылыпты.

Жаңалықтар
0