Әлем

Әлемдегі ең ластанған жерде адам баласы тұрмайды екен

© AP Photo / Jennifer LaversХендерсон аралы
Хендерсон аралы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тынық мұхитында орналасқан аралда адам тұрмаса да, қоқыстың астында қалған

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Америкалық ғалымдар Жердегі ең ластанған географиялық мекенді анықтады: ол Тынық мұхитындағы Хендерсон аралы болып шықты.

Тұман - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда ауасы ең көп ластанған қалалар белгілі болды

АҚШ Ұлттық ғылым академиясының баяндамасына сүйенсек, небәрі 4,3 гектар аумақты алып жатқан аралдың ластану тығыздығы 1 шаршы метрге 671 затты құрайды. Ал аралдағы қоқыстың жалпы саны 37,7 миллионнан асатын көрінеді.

Қоқыстар мен қалдық заттар арал жағалауына күн сайын ағып келіп жатады. Бұған экологияға қауіп төндіріп отырған пластик затының кең қолданысқа ие болуы себеп болып отыр.

Жаңалықтар
0