Әлем

Нью-Йоркте отставкадағы әскери бір топ адамды қағып кетті: билік терактіні жоққа шығарды

© REUTERS / Mike SegarНью-Йоркте автокөлік бір топ адамды қақты
Нью-Йоркте автокөлік бір топ адамды қақты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам бұдан бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін бірнеше рет қамауға алынған

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Бейсенбі, 18 мамыр күні Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Салдарынан 18 жасар қыз қаза тауып, 20-дан астам адам әртүрлі жарақаттар алды, деп жазады РИА Новости

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Әлем
Берлиндік террорист ИМ-не адалдығының дәлелі ретінде жиенін кісі өлтіруге үгіттеген

Оқиға сырттан қарағанда Ницца, Берлин және Лондонда болған қайғылы оқиғаларға ұқсады.  Ол кезде террористер автокөліктермен адамдар тобырын соққан болатын. Алайда қала билігі, көлік тізгінінде  отставкадағы әскери адамның болғанын мәлімдеп, теракт болжамы қаралып жатпағаны туралы айтты қала мэрі оқиғадан кейін екі сағат өткен соң. 

Түске дейін орын алған ТЖ салдарынан бойжеткен қыз қаза тауып, кем дегенде 22 адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Олардың төртеуі ауыр хәлде жатыр. 

Жол апатына себепші АҚШ ӘТК қызмет еткен  Бронкс ауданының 26 жасар тұрғыны Ричард Рохас болып шықты. Оқиғадан кейін ол оқиға орнынан қашып кетпек болған, бірақ ұсталып қалды. 

Полиция деректеріне сәйкес, соңғы тоғыз жыл ішінде Рохас мас күйінде  көлік айдағаны үшін екі рет ұсталған. Ұсталғаннан кейін одан алкогольдік және есірткілік мастыққа сынама алынған. Ресми деректер әзірге түскен жоқ. Жүргізушінің мәлімдеуінше ол "дауыстар естіп", өліп қаламын деп ойлаған. 


Жаңалықтар
0