10:54 18 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.98
  • EUR430.63
  • RUB6.11
Манчестердегі теракт

"Адамдар жан ұшыра айғайлап, қаша бастады" - Манчестердегі теракт куәгерлері

© REUTERS / Andrew Yates
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
65 0 0

Манчестердегі концертте болған жарылыс куәгерлерінің пікірінше, теракт қауіпсіздік шараларына үстірт қарау салдарынан болған

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik.Теракт кезінде Манчестер концертінде болған куәгерлер жойқын жарылыстан кейінгі алғашқы минуттарды еске алды.

"Бомба жарылғандай жойқын дыбыс шықты, соған жұрттың бәрі дүрлігіп, біз аренадан қашып кеттік", — деді 22 жастағы Маджид Кхан Тhe Guardian басылымына берген сұхбатында.

  • Манчестердегі теракт
    Манчестердегі теракт
    © REUTERS / Andrew Yates
  • Манчестердегі теракт
    Манчестердегі теракт
    © REUTERS / Andrew Yates
  • Манчестердегі теракт
    Манчестердегі теракт
    © AP Photo / Rui Vieira
1 / 3
© REUTERS / Andrew Yates
Манчестердегі теракт

22 мамыр күні кешке "Манчестер Аренада" америкалық әнші Ариана Гранденің концерті кезінде жарылыс болды. 22 адам қаза тауып, 59-ы жарақат алған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандық азаматтар жоқ. Концертте болған алты студент, аренадан аман-есен үйлеріне қайтып үлгеріпті.

"Концерт соңында алапат жарылыс болды. Аяқ асты жарықты қосты, сол кезде мұның шоу емес екенін түсіндік. Айнала көк түтін. Адамдар сыртқа жүгіріп шыға бастады. Далаға шықсақ, ондаған полицей фургоны мен бірнеше жедел жәрдем тұр екен", — деп 20 жастағы Эрин МакДагл болған жайтты үреймен еске алады.

"Қалың жұрттың астында тапталып қала жаздадық", — дейді 25 жастағы Софи Тедд газетке берген сұхбатында.

Қайғылы оқиға кезінде стадионда болған Болтон тұрғыны Элизабет Уэлзбидің BuzzFeed медиа-порталына айтуынша, арена залы түтінге оранып, жарылғыштың иісі мүңкіп кеткен.

​"Бәрі айғайлап, қаша жөнелді. Кейбір афишаларға қан жағылып қалған. Не болғанын ешкім түсінбей кетті", — дейді Уэлзби.

Британ полициясының айтуынша, жарылысты жанкешті лаңкес ұйымдастырған, оның кім екені әлі анықталған жоқ. Ол жарылғыш құрылғыны өзімен алып кірген. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, концертке кірерде тексеру мұқият жүргізілмепті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев терактіге байланысты көңіл айтты.

Загрузка...

Басты тақырып