Әлем

Жапония императоры көзі тірісінде тақты мұрагеріне бере алады

© РИА Новости / Медиабанкке өтуЖапония императоры Акихито
Жапония императоры Акихито - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылы Акихито императордың мұрагері Хризантема тағына отыруы мүмкін

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Жапония парламенті императорға көзі тірісінде Хризантема тағын мұрагеріне беруге рұқсат ететін заң қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

Заң қазіргі билеуші Акихито үшін қабылданған, алайда бұл болашақта осындай шаралар қолдануға негіз болмақ. Демек, император Акихито 2019 жылы 30 жыл бойы отырған тағын өзінің мұрагеріне беруі мүмкін.

Өз еркімен тағынан бас тартқан император "тайдзё тэнно" немесе қысқаша "дзёко" деген атқа ие болады. Термин Жапония тарихынан алынған: тағын тастап, монастырға кеткен билеушіні солай атайтын болған.

Жаңалықтар
0