Әлем

Қазақстандық белсенді Гамбургте G20 қарсылық шеруіне шықты

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуГамбургтегі қарсылық шаралары
Гамбургтегі қарсылық шаралары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марксизм идеясының жақтасы қазақстандық қыз Гамбургте антиглобалистерге қарсылық білдіріп жатқан топтың арасынан көрінді

АСТАНА, 9 шілде  – Sputnik. Қазақстандық белсенді Гумбургте "үлкен жиырмалық" саммитіне қарсы өтіп жатқан қарсылық шарасына қатысты, деп хабарлайды РИА Новости. 

Антиглобалистердің "G20 – сендердің келулерің қуантпайды!" (G20 — not welcome!) деген ұранмен білдірілген қарсылықтар G20 саммиті қарсаңында басталып, жалғасып жатқанына бірнеше күн болды. Қалада қарсылық білдірушілер мен құқықтық тәртіп күштері арасында жаппай қақтығыстар болды. Жүздеген адамдар ұсталып, зардап шеккендер бар. 

"Ағылшын және неміс тілдерінде айғайлап жатқан транспаранттар аясында орыс тілінде жазылған тақтайшаны көруге болады. Тақтайша иесі – Қазақстаннан келген белсенді Дарья. Оның немістің Мюнстер қаласында тұрып жатқанына бір жылға таяп қалды. Ол марксистік идеяның жақтасы болып табылады", — деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.

Дарьяның сөзіне қарағанда, оның 20 әлем көшбасшылары тобына көзқарасы теріс. 

"Олар мәселелер шешіп, соғысқа жетелейді, бейбітшілік турлы айтқанымен соғыс жағады. Жаһандану – экологияға зиян келтіріп, кедей елдерді одан бетер кедей етіп, бай елдерді байытатын неолибералдық процесс. Мен бұл жерде қарсылық білдіремін", — деді Дарья. 

Гамбургте 7-8 шілдеде G20 саммиті өтті. Алайда антиглобалистердің шаралары саммит аяқталған соң да басылар емес.   


Жаңалықтар
0