Әлем

Оқушы Пентагон басшысына телефон соқты

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуАҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис
АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зейінді америкалық оқушы АҚШ қорғаныс министріне телефон соғып, одан сұхбат алды

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Америкалық оқушы Тэдди Фишер АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттистен сұхбат алды, деп жазады РИА Новости New York Post газетіне сілтеме жасай отырып. 

Мемлекеттік шенеуніктің телефонын жеткіншек Washington Post газетінің 11 мамырдағы шығарылымындағы суреттен алған. Фотограф АҚШ президенті күзетшілерінің бірін бір бума қағаздарымен суретке түсіріп алған. Онда Мэттистің есімі мен телефон нөмірі көрініп тұрды. Тэдди Фишер нөмірді көре алып, алдымен сұхбат беру туралы хабарлама жазған. Меттис келісімін берді. 

Әңгіменің 45-ші минутында Пентагон басшысы АҚШ басшысы Барак Обама бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонның кеңесіне құлақ асқанда зор жетістікке жеткен боларын атап өтті. Сонымен қатар ол Ауғанстан, Сирия және өзге елдердің балаларын америкалық мектептерге оқуға жібергенде терроризмді жеңуге болатынына сенім білдірді. 

Тэдди Фишердің АҚШ қорғаныс министрімен сұхбаты мектеп газетінде жарияланды. 


Жаңалықтар
0