Әлем

Әлемдегі ең бай әртістердің тізімі жарияланды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуБейонсе
Бейонсе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Billboard дүниежүзіндегі ең бай музыканттардың тізімін ұсынды

АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Музыка саласына арналған Billboard америкалық басылымы әлемдегі ең бай 50 әртістің тізімін жариялады. Бірінші орында – миллиондап доллар табатын, 20 "Грэмми" сыйлығын иеленген Бейонсе Ноулз. 

"Ханшайымға бас иіңіздер. Бейонсе биыл 62,1 миллион АҚШ долларын тауып, бәсекелестірінің ауызына құм құйды. Қаражаттың басым көпшілігін әнші Lemonade альбомы мен соған байланысты ұйымдастырған әлемдік турнесінің арқасында тапқан", — деп жазады басылым.

"Ханшайымның" соңынан тізім бойынша 42,3 миллион доллар тапқан Guns'N’Roses хард-рок-тобы, фолк-музыкант Брюс Спрингстин мен оның 42,2 миллион доллары және 2016 жылғы кірісі 37,3 "бакс" болған рэпер Дрейк ілесті. 

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуАмериканская певица Бейонсе - исполнительница r'n'b - во время концерта в СК "Олимпийский".
Beyonce - Sputnik Қазақстан
1/5
Американская певица Бейонсе - исполнительница r'n'b - во время концерта в СК "Олимпийский".
© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуЛидер группы Guns n' Roses Аксель Роуз и гитарист Дарен Джей Ашба ("DJ Ashba") во время выступления на концерте в СК "Олимпийский".
Концерт группы GUNS N’ ROSES - Sputnik Қазақстан
2/5
Лидер группы Guns n' Roses Аксель Роуз и гитарист Дарен Джей Ашба ("DJ Ashba") во время выступления на концерте в СК "Олимпийский".
© AFP 2024 / BERTRAND GUAY Брюс Спрингстин
Брюс Спрингстин - Sputnik Қазақстан
3/5
Брюс Спрингстин
© AFP 2024 / Ferdy Damman / ANP Рэпер Дрейк US singer Drake
Рэпер Дрейк - Sputnik Қазақстан
4/5
Рэпер Дрейк US singer Drake
© Photo : официальный сайт GrammyПевица Адель
Певица Адель - Sputnik Қазақстан
5/5
Певица Адель
1/5
Американская певица Бейонсе - исполнительница r'n'b - во время концерта в СК "Олимпийский".
2/5
Лидер группы Guns n' Roses Аксель Роуз и гитарист Дарен Джей Ашба ("DJ Ashba") во время выступления на концерте в СК "Олимпийский".
3/5
Брюс Спрингстин
4/5
Рэпер Дрейк US singer Drake
5/5
Певица Адель

Британдық әнші Адель бесінші орынды иеленсе, барбадостық сұлу қыз Рианна тіпті үздік ондыққа да іліге алмай қалды. Ол 22,3 миллион долларымен 12-орынға табан тіреді. Дегенмен, Пол Маккартни мен сэр Элтон Джоннан озып кеткен екен.

Әлемнің ең бай әртістері тізіміне Джастин Бибер, Барбара Стрейзанд, Бритни Спирс және Maroon 5 тобы кірді. 

Жаңалықтар
0