Әлем

Ер адам мысық өлтіргені үшін 16 жылға сотталды

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуМысықтар
Мысықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотталушы барлығы жиырма бір мысық өлтіріпті

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Бірнеше мәрте мысық өлтірген АҚШ азаматы он алты жылға сотталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Калифорния тұрғыны Роберт Рой автокөлікте ұйықтап жатқан жерінде ұсталған. Тінту барысында көлігінен мысықтың денесі, пышақ, қан-қан қолғап пен жүн қалдықтары табылған.

"Калифорния аудандарының бірінен 2015 жылдан бастап мысықтар жоғала бастаған, кейіннен олар өлі күйінде табылыпты", — деп хабарлайды басылым.

Сот анықтағандай, Роберт Рой жиырма бір мысықты өлтірген, ол он алты жылға бас бостандығынан айырылды

Жаңалықтар
0