Әлем

Мадридте отыздан астам адам аттракционнан зардап шекті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуОйын-сауық паркі
Ойын-сауық паркі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Америкалық әткеншектің" екі пойызы бір-бірімен соқтығысқан

АСТАНА, 17 шілде  — Sputnik. Жексенбі күні күндіз Мадридте ойын-сауық паркіндегі аттракционнан 33 адам зардап шекті, олардың арасында балалар да бар, деп хабарлады РИА Новости EFE агенттігіне сілтеме жасап.

Шырпы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда газ-ауа қоспасының жарылуынан екі адам зардап шекті

Оқиға "Шахтадан шыққан пойыз" атты "америкалық әткеншекте" болған. Бастапқыда 26 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Олардың болар-болмас жарақат алғандығы атап өтілді.  

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, екі аттракцион бір-бірімен соқтығысып қалыпты: біріншісі кенет тоқтап қалғанда, екіншісі артынан келіп қаққан екен.

Адамдар виртуалды шынайылық көзілдірігін кигендіктен, соққыны күтпеген болса керек. 

Ойын-сауық паркінің басшылығы сендіргендей, "америкалық әткеншектің" қауіпсіздігі мұқият тексеруден өткен.   


Жаңалықтар
0