Әлем

Сенатор Маккейн ми ісігі дертіне шалдықты

© Sputnik / Денис Петров / Медиабанкке өтуДжон Маккейн
Джон Маккейн - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер сенатор Маккейнге ми ісігі диагнозын қойды

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. АҚШ конгресінің 80 жастағы сенаторы Джон Маккейнге глиобластома диагнозы қойылды, деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Ақпаратты Конгресс офисі таратты. Ісікке тромб себеп болған деп хабарланады. 

Бұдан бұрын Маккейн сол көз жағындағы тромбты алдыру үшін ота жасатқан болатын. Бұл ретте, өзге БАҚ-тың хабарлауынша, конгрессменнің ісігі алынып тасталған. 

Джон Маккейн 1936 жылғы 29 тамызда "Коко-Соло" әскери базасында дүниеге келген. Республикалық, 1987 жылдан бері Аризона штатынан конгрессмен. Вьетнамда әскери ұшқыш ретінде соғысқан. 1967 жылғы 26 қазаннан 1973 жылғы 15 наурызға дейін қамауда болды. 


Жаңалықтар
0