Әлем

Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік мұнаралардың бірі өртке оранды

© AFP 2024 / ARIM SAHIBДубайдағы биік ғимарат өртке оранды
Дубайдағы биік ғимарат өртке оранды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір өрт сөндірушілер биік мұнарадағы өртпен арпалысып жатыр

АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік мұнаралардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды РИА Новости Gulfnews басылымына сілтеме жасап.

ЖК Highvill Astana - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада Highvill тұрғын үй кешенінде өрт шыға жаздады

Биіктігі 350 метр The Torch атты аспанмен таласқан ғимараттың тоғызыншы қабаты өртке оранған. Желіде оқиға куәгерлері түсірген видеолар мен суреттер лезде тарап кетті. Халық арасында "Дубай шырағы" деп аталып кеткен мұнараның төбесі де тілсіз жаудың құрсауында қалған.

Соңғы деректерге сүйенсек, қазір өрт сөндірушілер ахуалды реттеді.

"Дубайдағы The Torch тұрғын үй ғимаратынан шыққан өрт әжептәуір ауыздықталып қалды", — деп хабарлады қаланың баспасөз орталығы Желіде.

Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген. Үйсіз қалған тұрғындар көрші ғимарат —  Princess Tower-ді уақытша паналай түрады.

Жаңалықтар
0