Әлем

Мысырлық дәрігер науқастың ішінен 39 шеге алып шықты

© Photo : Әлеуметтік желіден алындыМысырлық дәрігер науқастың ішінен 39 шеге алып шықты
Мысырлық дәрігер науқастың ішінен 39 шеге алып шықты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқас бұрын да темір-терсек жұтқан

Астана, 11 тамыз – Sputnik. Мысырлық хирург науқастың асқазанынан 39 шеге, оттық пен тырнақ алатын құрылғы алып шыққан, деп хабарлайды Youm7 порталы. 

Хирург Абдуррахман Мұстафаның айтуынша, 30 жастағы науқас асқазаны ауырып, ауруханаға түскен. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде дәрігер асқазанның ішіндегі темір-терсекті көріп, қатты таң қалған. 

Үш сағатқа созылған операция кезінде хирург ер адамның ішінен 39 шеге, оттық пен тырнақ алатын құрылғыны алып шыққан. 

Дәрігердің айтуынша, науқастың жағдайы бес күннен кейін жақсарады, ал ауруханадан 15 күннен кейін шығарылады.  

 

Науқастың туған-туыстары оның темір-терсекті бұрын да жұтқанын айтып отыр. 

Жаңалықтар
0