15:17 16 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.59
  • EUR429.06
  • RUB6.05
қан

Испанияда бір тәулік ішінде екінші теракт болды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

Кейбір деректерге сәйкес, курорттық Камбрильсте көліктің басу салдарынан жеті адам зардап шекті

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Барселоналыққа ұқсас теракт Каталониялық Камбрильс курорттық қаласында бірнеше сағаттан кейін орын алды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Камбрильс Барселонадан 120 шақырым шерде орналасқан. 

Ресми билік оқиғаның мән жайын айтпай отыр, алайда жергілікті БАҚ террористің жаяу жүргіншілерді қаққанын хабарлайды. Жеті адамның зардап шеккен белгілі. Олардың кейбіреулері ауыр хәлде жатыр. 

Полицияның хабарлауынша, қаладағы жағдай бір қалыпты. Бес лаңкесті барлығы жойылған. 

Бірінші теракт бейсенбі күні кешке  Барселонаның туристік орталығы – Рамбл жаяу жүргіншілер көшесі аумағында шағын автобус бір топ адамдарды басты. 13 адам қаза тауып, 100-ден астамы зардап шекті. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. 


Загрузка...

Басты тақырып