Әлем

Facebook-тің негізін қалаушы бала күтіміне байланысты демалысқа шықты

© AFP 2024 / Rodrigo Buendia Марк Цукерберг
Марк Цукерберг - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақында Марк Цукерберг пен Присцилла Чан екінші қызды болады

АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Танымал кәсіпкер және Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг екінші баласына қарау үшін бала күтіміне байланысты демалысқа кететіндігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости

"Жақында қызымыз дүниеге келеді, мен қайтадан екі айға бала күтіміне байланысты демалыс алуды жоспарлап отырмын… Мен оралған кезімде кеңсенің бұрынғы орында болатынына сенімдімін", — деп жазды ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында. 

Цукерберг қызы дүниеге келгеннен кейін онымен бірге бір ай өткізіп, ал демалысының екінші айын желтоқсанда алмақ. 


Жаңалықтар
0