Әлем

Техаста су тасқыны кезінде тілші тікелей эфирде ер адамды құтқарып қалды

© REUTERS / Rick Wilkingсу тасқыны
су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
CNN тілшісі мен продюсер Техастан тікелей көрсетілім кезінде су ағызып бара жатқан көліктен ер адамды құтқарып қалды

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. CNN америкалық корпорациясының тілшісі Дрю Гриффин Техаста тасқын кезінде су ағызып әкеткен көліктен ер адамды шығарып алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Гриффин Харви дауылынан туындаған Техастағы су тасқыны кезінде тікелей эфирге шыққан болатын. Кенет су ағызып әкетіп бара жатқан пикапты байқап қалады. Тілші продюсермен бірге көлікке жақындап, арқанның көмегімен қарт жүргізушінің шығарып алады.

Ал көлікті су әрі қарай ағызып әкеткен.

Жаңалықтар
0