16:47 24 Қараша 2017
Тікелей эфир
Тікұшақ

Душанбе әуежайы басшысы президент тікұшағын шығарып салу барысында қаза тапты

© Sputnik / Владимир Астапкович
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

Душанбедегі Хорог әуежайының басшысының өлімі жазатайым оқиға деп бағаланды

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Душанбедегі Хорог әуежайының басшысы президенттік тікұшақты шығарып салу барысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.

Жазатайым оқиға сәрсенбі 13 тамызда болған. Алпыс жастағы Дилдор Максудшоев Тәжікстан президенті  Эмомали Рахмонды шығарып салған. Әуежай басшысы әуеге көтеріле бастаған тікұшаққа жақын жерде тұрыпты. 

Зыр айналған қалақшалардан туындаған жел екпіні Максудшоев тұрған кілемді жақын маңда жатқан үлкен тасқа бір-ақ ұшырған. 

Әуежай басшысы алған жарақатынан ауруханаға апара жатқан жолда жан тапсырды. 

Болған жайт жазатайым оқиға деп бағаланды.

Басты тақырыптар