08:28 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Өрт сөндірушілер жарылыс болған станцияның маңында

Лондон метросындағы жарылыс лаңкестік әрекет деп бағаланды

© AP Photo / Dominic Lipinski
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Британдық премьер Лондон метросында болған лаңкестік әрекеттен кейін Cobra комитетінің отырысын шақырды

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Британдық полиция лондондық жерасты метросында болған жарылысты лаңкестік әрекет деп айтты, деп хабарлайды РИА Новости

Жарылыс, 15 қыркүйек жұма күні метро пойызында Парсонс Грин (Parsons Green) станциясында орын алды.  Беттерін күйік шалып жарақат алғандар бар екені белгілі, алайда олардың нақты саны айтылмайды. Кейіннен жарылыс қолдан жасалған жарылғыш құралдың көмегімен іске асқаны белгілі болды. 

Әлем қалалары. Лондон
© Sputnik / Владимир Песня

Жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00 осы оқиғаға байланысты  британдық премьер Тереза Мэйдің төрағалық етуімен Cobra комитетінің отырысы өтеді. под председательством британского премьера Терезы Мэй. Cobra комитетінің құрамына үкімет, шұғыл қызметтер және арнайы қызметтер мүшелері кіреді. 

Парсонс Грин — Лондонның батыс бөлігінде орналасқан. Ол жерде шетелдіктер мен студенттер көп тұрады. 


 


Басты тақырыптар