03:51 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Жарылыс болған Парсон Грин метро станциясы

Лондондағы терактіге қатысты деген күдіктілер ұсталды

© AP Photo / Frank Augstein
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
20 0 0

Лондон полицейлері 30 адам зардап шеккен метродағы жарылысқа қатысты күдіктілерді ұстады

АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik.  Лондон полицейлер метрода болған лаңкестік оқиғаға қатысты деген екі күдіктіні ұстағаны туралы хабарлады, дейді РИА Новости Скотланд-Ярдқа сілтеме жасап.

Сенбі күні түнде лондондық полиция қызметкерлері Хаунслоу ауданында 21 жасар ер адамды ұстады. 

"Күдікті Лондон қаласының оңтүстігінде орналасқан полиция бөлімшесіне жеткізілді. Осының алдында тағы бір күдікті 18 жасар жігіт  Дувр портының ауданында тұтқындалды", — деп хабарлайды агенттік.

Жарылыс 15 қыркүйек күні Парсон Грин станциясында болды. Жарылыс салдарынан түрлі жарақаттар алып, күйік шалған 30 адам зардап шекті. Лондон полициясы болған оқиғаны лаңкестік әрекет деп мойындады. 
Жарылысқа қатысты жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (Қазақстан мен бірқатар елдерде тыйым салынған) террористік ұйымы өз мойынына алды. 
Парсонс Грин — шетелдіктер мен студенттер көп тұратын Лондонның батысындағы аудан. 

Басты тақырыптар