21:03 17 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Архивное фото Дональда Трампа

Трамп тағы үш елдің азаматтарына АҚШ-қа баруға тыйым салды

© AFP 2018/ NICHOLAS KAMM
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
153 0 0

Сонымен, Америка Құрама Штаттарының аумағына сегіз елдің азаматтары кіре алмайды, мемлекеттердің көпшілігі Таяу Шығыс пен Африкада орналасқан

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Америка Құрама Штатттары азаматтарының ел аумағына кіруіне тыйым салынған мемлекеттер санын көбейтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Президент Дональд Трамптың өкімімен Венесуэла, Солтүстік Корея және Чад мемлекеттерінің азаматтарына АҚШ-қа баруына тыйым салынды. Тыйым 18 қазаннан бастап күшіне енеді. Сонымен бірге, бұл қара тізімнен Судан елі алынып тасталды. 

Тізімдегі бар мемлекеттер: Иран, Йемен, Ливия, Сирия және Сомали.

"Менің басты мақсатым – Американың қауіпсіздігін сақтау. Біз қауіпсіз іріктеуді қамтамасыз ете алмайтын азаматтарды елімізге кіргізе алмаймыз", — деп түсіндірді Дональд Трамп Twitter парақшасында.

Басты тақырыптар