Әлем

Конго түрмесінен ондаған қылмыскер қашып кетті

© AFP 2024 / NOEL CELISТүрме күзетшісі
Түрме күзетшісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті тұрғындарға қаупісіздік күштерімен бірлесіп, қашқындарды ұстауға көмектесуге үндеу тасталды

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Конго Демократиялық Республикасында жексенбі күні түрмеден отыздан астам қылмыскер қашып кетті, деп хабарлайды РИА Новости АР сілтеме жасап.

Түрме - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Таразда алты адам түрмеден қашып кетті

Оңтүстік Киву провинциясы әділет министрі Пасалине Басезаге мәліметіне сүйенсек, жексенбі күні кешке қатты жаңбыр жауып тұрған кезде, түрмедегі барлығы қырық екі адамның 34-і қашып кеткен. Олардың жиырма жетісі сексуалды және зорлық-зомбылық сипаттағы қылмыс жасағандары үшін сотталған.

Қашып кеткен төрт қылмыскер ұсталды, қалғандары іздеуде. Мвенга ауданы тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтап, қылмыскерлерді ұстауға жәрдем беруге үндеу тасталды.

Жалпы Конго түрмелерінен осы жылы мыңдаған адам қашып кетіпті.

Жаңалықтар
0