Әлем

Playboy журналының негізін қалаушы Хью Хефнер өмірден озды

© REUTERS / Michaela RehleХью Хефнер
Хью Хефнер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хью Хефнер 91 жасында қайтыс болды

АСТАНА, 28 қыркүйек  — Sputnik.  Ер адамдарға арналған Playboy журналының негізін қалаушы Хью Хефнер 91 жасында өмірден озды, деп хабарлайды РИА Новости. 

"Американың әйгілі тұлғасы және Playboy журналының негізін қалаушы Хью М. Хефнер бүгін өмірден озды. Ол 91 жаста еді", — деп жазылған хабарламада. 

Бір жыл бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында Хефнердің сырқаты туралы ақпарат тараған болатын. Әлемге белгілі журналдың негізін қалаушы бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Playboy журналы— әлемдегі әйгілі брендердің бірі, ол ең алдымен, атақты адамдардың эротикалық суреттерімен белгілі. Басылымның алғашқы нөмірі 1953 жылы 51 мыңдық таралыммен жарыққа шыққан. Қазіргі уақытта Playboy бүкіл әлемде түрлі тілдерде басылады. Журналдың орыс тіліндегі нұсқасы 1995 жылдан бері жарыққа шығады. Журнал бетінде Элизабет Тейлор, Синди Кроуфорд, Памела Андерсон, Данни Миноуг, басқа да көптеген атақты адамдардың суреттері жарияланды. Бұдан бөлек, басылым өзекті саяси және қоғамдық тақырыптарды да назардын тыс қалдырған жоқ. 


Жаңалықтар
0