Әлем

Дауыс берушілердің 90% Каталонияның Испаниядан бөлінуін қолдады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуКаталонияның тәуелсіздігі туралы референдум
Каталонияның тәуелсіздігі туралы референдум - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Испания үкіметін мойындамайтын Каталонияда референдум нәтижесі жарияланды

АСТАНА, 2 қазан — Sputnik. Каталонияның Испаниядан тәуелсіздік алуына байланысты ұйымдастырылған референдум барысында 90% дауыс берушілер қолдау көрсетті, деп хабарлайды Каталония женералитетінің ресми өкілі Жорди Турул.

"Дауыс беруге барлығы 2,3 миллион адам қатысты", — деп Турул мәлімдемесіне  РИА Новости сілтеме жасайды. Ал, дауыс беру процесіне барлығы 5,3 миллион адам қатысуы мүмкін еді. 

"Дауыс берушілердің тоқсан пайызы Каталонияның тәуелсіздік алуына қатысты "иә" деп жауап берді", — деп атап өтті Турул.

Женералитет өкілінің хабарлауынша, қарсы болғандар — 7,8%, бос бюллетендер — 2% және жарамсыз болған бюллетендер – 0,89% болды.

Каталония парламенті бір жақты шешімнің негізінде тәуелсіздікті жариялау туралы шешім қабылдайды.  

1 қазан, жексенбі күні сағат 9.00 Испания үкіметін мойындамайтын Каталонияда тәуелсіздік туралы референдум басталды.  Дауыс беру кезінде полициямен арада бірнеше қақтығысулар болды. Құқық қорғау органдары өкілдері тарапынан – 33 адам, тұрғындар тарапынан – 844 адам зардап шекті. 

 

 

Жаңалықтар
0