10:32 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган (слева) и президент Украины Петр Порошенко во время встречи в Киеве

Ердоған Порошенкомен бірге баспасөз мәслихатында отырып, қалғып кетті

© Foto: Пресс-служба президента Украины
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
101 0 0

Петр Порошенко үстелді қағып, түрік әріптесін оятпақ болған

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Түркия президенті Тайып Ердоған мен Украина мемлекет басшысы Петр Порошенко Киевте екі жақты кездесу қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Желіде пайда болған видеода Түркия көшбасшысы ақырын қалғып барады.

Ердоған Киевке ресми іссапармен барды. Келіссөздер барысында тараптар Украина мен Түркия арасындағы екі жақты қарым-қатынасты дамыту бойынша 2017-2019 жылдарға арналған жоспарға қол қойды. Кейінірек, баспасөз мәслихатында екі ел басшылары екі жақты қарым-қатынас, Украинаның шығысындағы ахуал, Қырым және қырым татарларына қатысты мәлімдемелер жасады.

Sputnik Түркия Twitter парақшасында жариялаған видеода түрік президентінің қалғып отырғаны түсіп қалыпты. Ал Порошенко ұйықтап кеткен әріптесін ояту үшін, үстелді қағып қояды.

Басты тақырыптар