10:36 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Ақ үй

Ақ үй: әлемде 100 миллионнан астам адам коммунизмнің құрбаны болды

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
45 0 0

"Большевистік төңкеріс" салдарынан Кеңес Одағы құрылып, ондаған жылдар бойы коммунизм үстемдік етті, деп мәлімдеді Ақ үй

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. АҚШ администрациясы Қазан төңкерісінің 100 жылдығына орай үндеу тастап, құжатта бұл күнді "Коммунизм құрбандарының ұлттық күні" деп атады, деп жазады РИА Новости.

"Өткен ғасырда коммунистік тоталитарлық режим әлемде 100 миллионнан астам адамды құрбан қылды, қаншама жұртты қанап, зорлық-зомбылық көрсетіп, өмірін ойран етті. Бостандыққа ұмтылған азаматтарға қоқан-лоққы, қысым көрсетіліп, мемлекетке зорлықпен бағынышты етті", — делінген Ақ үйдің үндеуінде.  

Үндеуде Қазан төңкерісі "большевистік" деп сипатталған, сонымен бірге "оның салдарынан Кеңес Одағы құрылып, қатал коммунизмнің ондаған жылдарға созылғаны, бүл саяси философияның егемендік пен дамуға апармайтыны, адамзаттың ар-намысын аяққа таптайтыны айтылған".

1917 жылы АҚШ Ресейдегі төңкерісті мойындамай, ақ гвардияшылдар қозғалысын қолдап, батыс елдерінің интервенциясына қатысты. АҚШ пен КСРО арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1933 жылы ғана орнатылған.

Басты тақырыптар