12:03 19 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD371.31
  • EUR419.32
  • RUB5.59
Жұмыртқа. Архивтегі фото

Қырғызстан 302 мың тауық жұмыртқасын Қазақстанға қайтарып жіберді

© Sputnik /
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
498126

Жүк құжаттары ЕАЭО-ның ветеринарлық талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik.  Қырғызстан Қазақстаннан жеткізілген 302 400 тауық жұмыртқасын шекарадан өткізбей қойды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мамандары өнімді "Ақ-Тілек" бақылау-өткізу пунктінде ұстаған.  

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыртқаны Қостанай облысында орналасқан фирма жөнелткен. 

"Тексеру кезінде жүктің жөнелтпе құжаттары Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринарлық талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды", — деп жазылған хабарламада.

Акт толтырылып, өнім Қазақстанға қайтарылды. 


Загрузка...

Басты тақырыптар