06:36 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Ер адам iPhone X ұстап отыр

iPhone X смартфонынан тағы ақау табылды

© REUTERS / Stephen Lam
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

iPhone-ның жаңа моделі қараша айының басында сатылымға шықты

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. iPhone X иелері смартфонның тағы бір ақауына шағымданды, деп хабарлайды РИА Новости.  

Адамдар дыбысты бар қаттысына қойған кезде және қоңырау шалғанда динамикте сатыр-сұтыр дыбыс шығатынын айтты.

Қыркүйек айында iPhone 8 смартфонынан да осыған ұқсас ақау табылған еді. Сол кезде Apple компаниясы дыбыстағы проблеманы жаңа нұсқада жөндеуге уәде берген болатын. 

Бұған дейін iPhone X иелері дисплейдің сол жағында тігінен шыққан жасыл сызыққа шағымданды. Смартфонды өшіріп, қайта қосқанмен жасыл жолақ кетпеген. Телефон иелері смартфонның жерге түспегенін, ешқандай физикалық әсерге ұшырамағанын айтып жатыр. 

Сондай-ақ, iPhone X экраны суықта басқан кезде, еш реакция бермейтін көрінеді. Apple компаниясы бұл олқылықты түзеуге тырысатындарын мәлімдеді. 

Айта кетсек, iPhone X смартфондары 3 қарашада сатылымға түсті. АҚШ-та жаңа модель 999 долларға сатылып жатыр.

Басты тақырыптар