06:37 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Украина

Украина "Ұлы Отан соғысынан" бас тартты

© Foto: Пресс-служба президента Украины
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
84 0 0

Енді Украинада "Ұлы Отан соғысы" терминінің орнына "Екінші дүниежүзілік соғыс" ұғымы қолданылады

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Украина радасы "Соғыс ардагерлерінің мәртебесі, оларды әлеуметтік қорғаудың кепілдіктері туралы" заңнан "Ұлы Отан соғысы" терминін алып тастау ұсынысын қолдады. Оның орнына "Екінші дүниежүзілік соғыс" ұғымы бекітілді. 

Сейсенбі күні өткен отырыста 241 парламентарий аталған шешімді қолдап дауыс берді. Ал шешім қабылдануы үшін ең аз дегенде 226 дауыс қажет болатын. 

"Заң мәтінінде "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы", "Ұлы Отан соғысы мен империалистік Жапониямен соғыс", "Ұлы Отан соғысы", "Ұлы Отан соғысы мен Жапониямен соғыс", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы мен 1945 жылғы империалистік Жапониямен соғыс" сөздері мен цифрлары "Екінші дүниежүзілік соғыс" сөзімен алмастырылсын", — делінген заңда. 

Құжат Украина президентінің қол қоюына жіберілді. Заң ресми баспасөзда жарияланған күннен бастап үш ай өткен соң күшіне енеді.

Басты тақырыптар