13:23 06 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.35
  • EUR496.08
  • RUB5.73
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

Біріккен Араб Әмірлігі 2117 жылы Марста қала салып, адамдар қоныстандырмақшы

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Дубайда екі жарым жылдан соң "Марс қалашығын" салынады, деп хабарлайды РИА Новости БАӘ ғарыш агенттігі өкілі Мухаммед Нассер әл-Ахбабиге сілтеме жасап.

"Марс қалашығында" ғалымдар мен инженерлер Жерден қашықтықта қалай өмір сүруге болатынын зерттейді. Қалашық құрылысында инновациялық технологиялар ескеріліп, энергия, азық-түлік және су қорын сақтау жолдары қарастырылмақ. Зертханалардан бөлек қалада музейлер мен ғылыми орталықтар болады.

Экспериментальды қаланың аумағы 170 мың шаршы метрді құрамақ. Жобаның құны – 136 миллион доллар.

Былтыр Біріккен Араб Әмірлігі 2117 жылы Марста қала салып, адамдарды қоныстануға жіберетінін мәлімдеген еді.

Загрузка...

Басты тақырып