17:14 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Сауд Арабиясы

БАҚ: Сауд Арабиясында жемқорлық үшін ұсталған ханзадаларды ұрып соғып, азаптап жатыр

© AFP 2019 / FAYEZ NURELDINE
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
410 0 0

Қараша айының басында Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман бастаған жемқорлыққа қарсы күрес комитеті басқарушы әулеттің 11 ханзадасы мен корольдік үкімет құрамындағы 4 министрді ұстады

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Сауд Арабиясы үкіметінің өкілдері мен басқарушы әулеттің ханзадалары қарашаның басында жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған болатын, тергеу барысында оларды азаптап жатыр, деп хабарлайды РИА Новости Daily Mail газетінің дереккөздеріне сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы БАҚ мәліметіне сүйенсек, басқарушы әулеттің мүшелерінің бірі қару сату бойынша заңсыз келісімге қол қойғаны үшін айыпталған, тағы бір ханзада – шын мәнісінде жоқ келісімдер жасағаны үшін, тағы бірі – ақшаның ізін жасыруға қатысы болғаны үшін. Сауд Арабиясындағы жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында атқарылған алғашқы тергеулер 100 миллиард доллардан астам қаражаттың жымқырылғанын көрсеткен.  

"Оларды ұрып соғып, азаптап жатыр. Шапалақпен бір салып, тіл де тигізеді. Жігерін аяққа басуды көздейді", — деп мәлімдеді есімін жасырған дереккөз Daily Mail газетіне.

Дереккөздің мәліметінше, азаптауларға Academi америкалық күзет кәсіпорынының қатысы бар, алайда компания өкілі мұны жоққа шығарып отыр.

Басылымның жазуынша, тергеу жұмыстарына Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Әл-Саудтың өзі қатысқан. Ол ханзадалардан пара алған шетелдік шенеуніктер тобын әшкерелеуге тырысып жүр. 


Загрузка...

Басты тақырып